A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 16:25 0

Өскеменде бірыңғай дизайн-код әзірленеді

Бүгін / Өскемен

Қалада ғимарат қасбеттері, маңдайшалар, жарнамалық құрылымдар мен абаттандыру элементтерінің сыртқы келбетіне ортақ талаптар белгілейтін бірыңғай дизайн-код әзірленіп, кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл қаланың сәулеттік келбетін біріздендіруге бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған мәселе қалалық мәслихат сессиясында талқыланды. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәурен Қасымовтың Өскеменнің сәулеттік келбеті туралы есеп берген болатын.
Сессия қорытындысында депутаттар есепті назарға алып, қала әкімдігіне қоғамдық кеңістіктерді, соның ішінде саябақтар, скверлер мен жағалауларды абаттандыруға кешенді түрде қарауды ұсынды. Шағын сәулет нысандарының, көгалдандыру элементтері мен жаяу жүргіншілер аймақтарының бірыңғай стильде безендірілуіне мән беру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ негізгі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу үшін ашық сәулет байқауларын өткізу ұсынылды. Бұл жұмысқа сарапшыларды тартып, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажеттігі де айтылды.
Ал Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне қаланың кешенді дизайн-кодын әзірлеу, бекіту және кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды. Құжатта ғимарат қасбеттері, маңдайшалар, жарнамалық құрылымдар, шағын сәулет нысандары мен қала орталығының өзге де элементтерін безендіруге қойылатын бірыңғай талап қамтылуы тиіс.
Айта кетейік, қабылданған шешімнің орындалуы туралы ақпарат қалалық мәслихатқа 2027 жылғы 1 ақпанға дейін ұсынылуы қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив