Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Іскерлік белсенділікті талдау нәтижесі бизнесті қолдау үшін оған кедергі жасамау керек екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы Президент айтты.
- Осы орайда 2020-2023 жылдары микро және шағын бизнесті тексеруге енгізілген мораторий тәжірибесі өзінің тиімділігін көрсетті. Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесе отырып, бұрынғы мораторийдің барлық оң және теріс тұстарын ескере келе, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезекті үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.
Пікірлер