A+ A A-

talgatzhan 53 Бүгін, 12:00 0

Елімізде 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр

Бүгін / Республика

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік штат орны толмаған. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысының дерегінше, 2023-2025 жылдар аралығында дәрігер тапшылығы 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға азайған.

Өңірлерге мамандарды тарту үшін дәрігерлерге баспана мен қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. 2026 жылдың алғашқы 9 айында тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 230 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңгеден берілген. 

Бұдан бөлек, 223 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Үкімет медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен оларға берілетін кепілдіктерді айқындайтын жеке заң жобасын қарастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив