A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 11:15 0

Өскеменде қоғамдық орындарда ішімдік ішкендер жауапқа тартылды

Бүгін / Өскемен

Қалада қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішудің үш дерегі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы мәліметінше, құқық бұзған азаматтардың жасы – 33, 42 және 46-да. Оның екеуі Михаэлис көшесі мен Назарбаев даңғылындағы балалар ойын алаңдарында, тағы бірі Комаров көшесінде тіркелген.
Барлық факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, балалар алаңдары мен өзге де қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды бұзбауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив