A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 12:20 0

ШҚО – қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім бойынша көш бастап тұр

Бүгін / ШҚО

Осындай көңіл көншітпейтін дерекпен Finprom порталы бөлісті. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңға жуық адам көз жұмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы соңғы жылдары республика бойынша онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар саны біртіндеп азайған. Атап айтқанда, 2021 жылы қатерлі ісіктен 13,7 мың адам көз жұмса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 12,7 мыңға дейін төмендеген.
Өлім-жітімнің салыстырмалы көрсеткіші де азайды. Егер 2021 жылы онкологиялық науқастар арасындағы өлім деңгейі 7 пайыз болса, өткен жылы 5,2 пайызды көрсетті.
Алайда өңірлердегі жағдай әркелкі. Былтыр қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі ШҚО-да (100 мың тұрғынға шаққанда 113 жағдай), Абай облысында (112,8) және Ақмола облысында (94,1) тіркелген. Бұл облыстардағы көрсеткіш республикалық орташа деңгейден едәуір жоғары.
Ел бойынша орташа көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 62,2 жағдай болады. Ал Алматы қаласында бұл көрсеткіш 58,1 болса, Қарағанды облысында 89,4-ке жеткен.
Finprom дерегінше, өңірлердегі өлім-жітім деңгейінің жоғары болуына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Олардың қатарында экологиялық жағдай, Семей ядролық сынақ полигонының ықпалы, сондай-ақ емдеу хаттамаларының сақталуы мен диспансерлік бақылау сапасы бар. Дегенмен бұл факторлардың нақты әсерін анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив