A+ A A-

talgatzhan 30 9-12-2024, 13:11 0

Қазақстанда ұрлық жасау азайды

Бүгін / Республика

Биыл 11 айдың есебі бойынша Қазақстанда ұрлық-қарлық 28,1%-ға азайды, яғни 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.


Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, ұрлық көбіне Алматы және Астана қаласында тіркелсе, (6 675/3 727) Манғыстау және Ұлытау облысында ұрлық (396/298) аз болған.

– Ұялы телефондар ұрлығы 31,2%-ға төмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін). Мобильді телефондар ұрлығы көбіне Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54. 

– Автокөлікті ұрлау 46,1%-ға (256-дан 138-ге дейін) азайды. 

– Пәтер ұрлығы (үйді тонау) бойынша да қылмыстың 33,7%-ға , яғни 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.

– Мал ұрлығы 30,3%-ға немесе 1 432-ден 998-ге дейін төмендеді. Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі Алматы-194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97 облыстарында тіркелген. 

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив