Жыл басынан бері ҚМА 20 миллиард теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.
-Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді, – делінген хабарламада.
Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.
Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Фотосурет: dalanews.kz
Пікірлер