A+ A A-

talgatzhan 30 6-02-2025, 14:30 0

Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтеді

Бүгін / Республика / Спорт

Үндістан астанасы Дели қаласында 26-27 ақпан күндері қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сітлеме жасап. 

Оған әлемнің 20-дан астам мемлекетінен 200-ге жуық балуаны қатысады.

Әлем чемпионаты екі күнге созылады. Онда ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі. 

Қазақстандық балуандар аталған жарысқа дайындалып жатыр.

Ұлттық құрама мүшелері 14 ақпанда Алматы қаласына жиналады. Құрама сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрдәулет Жарылғапов, ⁠Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив