A+ A A-

talgatzhan 32 7-02-2025, 17:00 0

Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының финалына шықты

Бүгін / Республика / Спорт

Финал 8 ақпан күні Астана уақытымен 07:06-да басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbuisness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты.

Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.

Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті.

Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив