Қазақстандық хоккейшілер Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Финалдық матчта хоккейшілер Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.
Айта кетейік, қазақстандық команда Азия ойындарына бесінші рет қатысып отыр.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Харбинде төрт алтын медаль иеленді. Бұған дейін биатлоншы Владислав Киреев, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов (фристайл-акробатика) алтын медальдарға ие болған еді.
Фотосурет: Нургали Жумагазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Пікірлер