(мектепті көргендегі ой)
Сары жез қоңырауым қайда менің?
Сағыныш жатпағанмен пайда беріп.
Сар далаға естілсе сыңғыр дауысы,
Бала біткен жүздері жайнар еді.
Сырлы үні сұлу неге десек дағы,
Ұясы қорғасыннан кесек тағып.
Сары қоңырау сылдырлап ән салатын,
Қырық бес әр минутты есепке алып.
Сап-сары алтын түстес сүйкімді едің,
Шәкірттер ертеңіне күй тіледің.
Сары жез қоңырауым сені ойласам,
Жанарға сағыныш жас іркіледі.
Болса да тәңертең, кеш, түсте білем,
Шәкіртке білім қалап күш беруде.
Үндемей әр сабақты қадағалап,
Тұратын кезекші ұстаз үстелінде.
Әр бала оны соғу арманы еді,
Ұяның кіп-кішкене ардағы едің.
Сары жез қоңыраудан қуат алып,
Арманды- армандарға жалғап едік.
Сап-сары түсің де ерен, ісің де ерен,
Шіңгірлеп жас құлындай кісінеуші ең.
Қай жерде естелік боп тұр екенсің,
Таратқан сан арманды күніне ертең.
Сарыауыз балғын шағым сағынышым,
Үніңнен ертеңімді таныдым шын.
Мектебім ұстаздарым және өзіңе,
Ризамын жалғатқан әнің үшін.
Сағыныш болар сәтті ұғынар кім,
Жырым боп тәп-тәтті үнің туылған күн.
Есіме дауысың шықса еске түсер,
Соғуға сені маған бұйырған күн.
Жетелеп жүрек -жырым келесің Сен,
Жыр жазғам бақытқа бөлеп күнімді әрбір.
Әйгерім Жүрекбаева
Пікірлер