Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі семинар өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі – шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институт. 2024 жылы компания халықаралық стандарттарға сәйкес сақтандыру ұйымынан толыққанды экспорттық-кредиттік агенттікке айналып, институционалдық дамудың маңызды кезеңіне өтті. Бүгінде Агенттік Орталық Азиядағы алғашқы классикалық ЭКА және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
Шара барысында экспортқа бағдарланған кәсіпкерлерге қолдау көрсету тетіктері таныстырылды.
— Біздің агенттікте 20-дан астам құрал бар. Мысалы, қарыздарды сақтандыру және қаржыландыру. Әрқайсысы кәсіпкерлердің нақты қажеттілігіне қарай енгізіледі. Қажет болған жағдайда жыл сайын күшейтіп отырамыз. Бұл үшін түрлі талдау мен сараптамалар жүргізіледі. Қазақстанда өңдеуші салада жұмыс істейтін 300-ден астам кәсіпорын бар, — деді Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі PR қызметі басшысының орынбасары Мұхтар Жәммішжанов.
Өңірлік өкілдердің айтуынша, агенттік шағын кәсіпкерлермен де, ірі кәсіпорындармен де жұмыс істейді. Кәсіптің көлеміне қарамастан, барлығына қолдау көрсетіледі.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер