A+ A A-

talgatzhan 53 6-10-2024, 13:13 0

ШҚО әкімі: Референдум - демократияның базисі

Бүгін / ШҚО / Басты

Өңір басшысы Ермек Көшербаев Өскемендегі №42 орта мектебінде орналасқан №9 референдум учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Buqara сайтының тілшісі. 

– Негізі, референдумды  демократияның базисі деп түсіну керек. Бұл – біздің ел үшін, ұлтымыз үшін маңызы зор оқиға. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдірсе керек, – деді облыс әкімі референдум учаскесінен шыққан бойда.

Айта кетейік, бұл күні референдум учаскесіне келушілерге барлық жағдай жасалды. Аймақтағы 538 учаскелік референдум комиссиясында 3844 адам жұмыс істеуде. Дауыс беру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиісті жағдай қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив