Ресми ақпарат бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, өңірде 19-20 желтоқсан күндері ғажайыптар әлеміне жетелейтін ерекше мереке – «Аяз ата, Ақшақар – 2025» халықаралық фестивалі өтпек. Жалпы, аталған шара жыл сайын ауқымын кеңейтіп келеді. Биыл мерекеге елімізден бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстан елшіліктері өкілдері, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының қатысушылары жиналады. Басты ерекшелігі сол, фестиваль алаңында 120-дан астам Аяз ата мен Ақшақар жұбы бас қосып, облысты нағыз қысқы ертегіге айналдырады.
– Мерекелік шаралар екі күнге жоспарланған. 19 желтоқсанда фестиваль Риддер қаласында басталса, 20-сы күні «Алтай Альпілері» тау-шаңғы кешені мен Өскеменнің өзінде жалғасады. Келушілерді қызықты қысқы ойын-сауықтар, концерттік бағдарламалар, байқаулар мен түрлі мәдени шаралар күтеді. Сонымен қатар, 20 желтоқсан күні сағат 15:00-де Аяз атаның резиденциясының ашылу салтанаты өтеді, – делінген ақпаратта.
Ұйымдастырушылар барша жұртты осы ерекше мерекеге қатысып, қыстың ғажайып сәттерін бірге қарсы алуға шақырады.
Пікірлер