Қаланың орталық және сол жағалау бөлігінде жылу энергиясының тапшылығы байқалады. Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Наурызбай Сармурзин мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір тапшылық көлемі 266,7 Гкал/сағ болса, берілген техникалық шарттарды ескере отырып, 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 429,5 Гкал/сағ дейін ұлғаяды деп күтілуде.
- Осы мәселені шешу мақсатында Өскеменде ЖЭО-3 салу жобасы іске асырылуда. Оның жоспарланған қуаты 360 МВт электр энергиясы және 1 000 Гкал/сағ жылу энергиясын құрайды. Инвестор – «Өскемен Энерго» ЖШС. EPC-келісімшартты жасасу 2026 жылдың қаңтарына, ал нысанды толық аяқтап, пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған, - деді басқарма басшысы.
Аталған жоба қаланың жылумен және электр энергиясымен қамтылу қауіпсіздігін арттырып, болашақтағы тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Пікірлер