A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:10 0

Хақназар, Томирис, Мәриям: ШҚО-дағы ең танымал есімдер анықталды

Бүгін / ШҚО / Пайдалы

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО бойынша филиалы өңірдегі ең танымал есімдер рейтингісін әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Үздік бестікке Ай-Сафи, Мәриям, Томирис, Кира және Сафия есімдері енді. Ал ұл балалар арасында Бейбарыс, Әлинұр, Хақназар, Давид, Максим есімдері танымал.
Жыл басталғалы өңірде шамамен 7 мың туу туралы куәлік берілді. Оның ішінде үш мыңнан астамын ата-аналар проактивті форматта рәсімдеген. 
– Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға SMS-хабарлама келеді. Бірнеше сұраққа жауап беріп, таңдалған есімді көрсету қажет. Мұндай формат туу туралы куәлікті алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді және азаматтардың уақытын үнемдейді, – деді филиал директоры Азамат Есембулов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив