A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 09:40 0

Өскеменде жабық футбол алаңы салынады

Бүгін / Өскемен / Спорт

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте өңірдегі футболды дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір 35 жаттықтырушының жетекшілігімен 600-ден астам бала футболмен айналысуда
- «Алтай» футбол клубы тиімді менеджмент пен жүйелі жұмыстың нәтижесінде айтарлықтай жетістікке жетті. 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша Бірінші лигада өнер көрсеткен клуб жүлделі орын алып, Премьер-лигаға жолдама алды. Бұл — өңірлік футбол үшін маңызды қадам. Басты басымдық балалар мен жасөспірімдер футболына беріледі. Облыста футбол академиясы жұмыс істейді, барлық ауданда секциялар ашылған. Бүгінде 35 жаттықтырушының жетекшілігімен 600-ден астам бала футболмен айналысуда. 2015 жылы туған ойыншылардан құралған құраманың Болгарияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетуі де үлкен мақтаныш, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, бірқатар футбол алаңы күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан балалар спортын қолдауға бизнес өкілдері мен меценаттарды тарту жұмысын күшейту маңызды.
- Жабық футбол алаңын салу бастамасы қаралды. Өскемендегі 22-шағын ауданда, «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының маңында орналасатын көпфункционалды спорт кешенінің жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаның іске асырылуын ерекше бақылауға алып, 30 наурызға дейін құрылыс жұмыстарының басталу мерзімін нақты әрі негізделген түрде ұсынуды жауапты мекемелерге тапсырдым, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив