24 қаңтар сағат 10:00-де Комсомол аралында жастар арасында шаңғы жарысынан спорт-фест ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласының әкімдігі, ШҚО Полиция департаменті және Прокуратурасының бастамасымен қолға алынады.
Спорттық фестивальдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спорт арқылы тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңға бағынатын, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Жарысқа 16-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады.
Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады
Қатысу үшін +7 707 811 79 59; +7 705 135 3840 нөміріне хабарласуға болады.
Пікірлер