Бүгін Өскемен әуежайында спорт жанкүйерлері IIHF Құрлықтық кубогінің финалдық кезеңінен оралған «Торпедо» хоккей клубын күтіп алды. Команда екінші орынға ие болып, соңғы 18 жыл ішінде осы турнирдегі ең үздік нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Финалдық топта «Торпедо» Данияның «Хернинг Блю Фокс» командасын жеңіп, британиялық «Ноттингем Пантерз» клубына есе жіберді. Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Пестов финалдық сериядағы голкиперлер рейтингінде көш бастап, турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды.
Әуежайда хоккейшілерді спорт саласының өкілдері мен жанкүйерлері қарсы алды. Ойыншылар қала тұрғындарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл нәтиже Pro Hokei Ligasy Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне дайындықтың маңызды сатысы екенін атап өтті.
Команда бірден тұрақты чемпионат ойындарына дайындықты бастайды.
Ал 21-22 қаңтарда петропавлдық «Құлагермен» матч өткізеді.
Пікірлер