A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 21:15 0

Өскеменде алғаш рет халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтеді

Бүгін / Спорт / Өскемен

Бүгін “Maxi Mall” сауда-ойын-сауық орталығында бокс кеші жайлы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын барысында жекпе-жек кешіне қатысатын спортшылар көпшілік алдында көз түйістіріп, алдағы кездесулерге дайындығын көрсетті.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Мұхит Амантаев пен Қырғыз Республикасының өкілі Марат Ишеналыұлы шаршы алаңда кездеседі. Сонымен қатар Ерзат Сақабанов пен Ерсұлтан Жараспек, Бек Олегович пен Илияс Оразхан арасында реванштық айқас өтеді.

Кәсіпқой рингте жеңіліс көрмеген Сапарбай Айдаровтың жекпе-жегі де кештің негізгі айқастарының бірі болмақ. Оның кездесуі кештің co-main event жекпе-жегі ретінде жоспарланып отыр.

— Былтыр Қазақстанның бірнеше қаласында кәсіпқой бокс кештерін өткіздік. Биылғы алғашқы халықаралық турнирді Өскеменде ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл жарысқа сегіз мемлекеттен 28 спортшы қатысады. Жанкүйерлерді тартысты әрі жоғары деңгейдегі жекпе-жектер күтіп тұр, — деді Steppe Boxing 1 промоутерлік компаниясының президенті Дамир Төкен.

Бокс кеші қарсаңында өткен face-to-face рәсімінде кейбір спортшылар арасында эмоцияға толы сәттер алдағы кездесулердің қызу өтетіні аңғарылды.

Айта кетейік, турнир аясында титулдық жекпе-жек өтіп, UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады. Бұл айқастың жеңімпазы халықаралық аренада маңызды мәртебеге ие болады.

Бокс кеші 24 қаңтар сағат 17:00-де Жекпе-жек сарайында басталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив