A+ A A-

talgatzhan 19 Бүгін, 11:10 0

Өскеменде жастар арасында хоккей фестивалі басталды

Бүгін / Өскемен / Спорт

Облыс орталығындағы Б.Александров атындағы спорт сарайында жастар арасында хоккейден қысқы спорт-фест өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы спорттық шара Өскемен қаласы әкімдігі, облыс прокуратурасы,  полиция департаменті және «AN GROUPS» құрылыс компаниясының бастамасымен ұйымдастырылды.
Аталған фестивальге өңірдегі жалпы білім беретін мектептерде оқитын 13–18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып, өзара кім мықтыны анықтауда. 
Қысқы спорт-фест жастарды спорт арқылы тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар спорт арқылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру көзделген. 
Қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы Анель Шәріпжанованың  айтуынша, бұл қысқы спорт-фест «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында өткізіліп отырған екінші спорттық іс-шара.
— Өткен аптада шаңғы жарысы ұйымдастырылса, бүгін хоккей фестивалі ұйымдастырылуда. Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында лудомания сияқты түрлі құқық бұзушылық факторлардың алдын алу, – дейді маман. 
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай спорттық бастамалар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.
Айта кетейік, хоккей фестивалі ертең де жалғасады. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив