A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 17:30 0

Өскеменде «ескі қала» аумағындағы аулаларда автотұрақ орындарын кеңейтуге өтінім қабылдау басталады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында «ескі қала» деп аталатын аумақтағы аулаларда автотұрақ орындарын кеңейту бағдарламасын іске асыруға дайындық жұмыстары басталды. Аталған бастама аясында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс-қимыл алгоритмінің жобасын әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бағдарлама аясында аулаларды іріктеу регламенті, критерийлері мен кезектілігі бекітіледі, сондай-ақ келіп түскен өтінімдерді қарайтын арнайы жұмыс комиссиясы құрылады.

Бағдарламаға қатысудың міндетті шарттарының бірі — пәтер иелерінің өз аулаларын абаттандыру туралы шешім қабылдауға белсенді қатысуы. Тұрғындар жұмыстарды жүргізуге келісім беріп қана қоймай, абаттандыру аяқталғаннан кейін аула аумағын күтіп-ұстау міндеттемесін де өз мойнына алуы тиіс. Бұл ретте жер учаскесін жалға алу құқығын рәсімдеу де қарастырылған.

 

Бірінші кезең: тұрғындарға не істеу қажет? 

Өтінім беру үшін тұрғындар келесі қадамдарды орындауы тиіс:

1. Аула орналасқан жер учаскесінің мәртебесін нақтылау, оның ішінде жер пайдалану (жалдау) құқығының бар-жоғын және қолданылу мерзімін тексеру.

2. Егер жарамды жалдау құқығы болмаса — жер учаскесін заңда белгіленген тәртіппен рәсімдеу.

3. Кондоминиум объектісінің меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізіп, келесі құжаттарды ресімдеу:

жиналыс хаттамасы;

жазбаша дауыс беру бойынша сауалнама парақтары (типтік нысан бойынша);

автотұрақ орындарын салуға және кеңейтуге келісім туралы шешім;

жоспарланған автотұрақ аумағындағы ағаштарды кесуге келісім (қажет болған жағдайда);

жасыл желектерді кесуге өтінім беру үшін жауапты тұлғаны анықтау.

4. Құжаттар пакетін дайындап, ТКШ бөліміне тапсыру (мекенжайы: Қазақстан көшесі, 27, 302-кабинет).

 

Қажетті құжаттар тізімі:

меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы;

аула аумағын жалға алу шарты (топотүсірілім қоса тіркеледі);

шарт болмаған жағдайда — мемлекеттік қызмет арқылы ЕГКН жүйесінде өтінім берілгенін растайтын құжат;

тұрғындардың ұсынысы бойынша автотұрақтарды кеңейту шекаралары алдын ала көрсетілген жағдайлық схема.

 

Келесі кезеңде не болады?

Құжаттар қабылданғаннан кейін ТКШ бөлімі жер қатынастары бөлімімен бірлесіп эскиздік жобаны келісіп, инженерлік желілердің өтуін ескере отырып, автотұрақтарды кеңейту шекараларын нақтылайды.

Барлық қаралған өтінім жұмыс комиссиясының қарауына шығарылады. Комиссия бекітілген бюджет лимиттері шеңберінде аулаларды іріктеу тәртібі мен кезектілігін анықтайды.

Алғашқы кезеңде бөлінген қаражат көлемінде бағдарламаға енгізілетін 20 аула бекітіледі. Қазіргі уақытта алдын ала тізімдер қалыптастырылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив