A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:40 0

Өскеменде екі күнге созылған жасөспірімдер арасындағы хоккей турнирі мәресіне жетті

Бүгін / Өскемен / Спорт

Қысқы спорт фестивалі екі күнге созылып, тартысты бәсекеде қалың жанкүйер небір тартысты ойындар тамашалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Турнирге қала мектептері оқушыларынан құралған сегіз хоккей командасы қатысты. Атап айтқанда, жарысқа «Торнадо», «Локомотив», «Титан», «Устинка», «Ульбинка», «Кедр» және «КШТ» командалары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Мұз айдынында Өскемендегі №7, 9, 11, 12, 22, 23, 27, 29, 37 және 38 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары өз шеберліктерін көрсетті.

Турнирдің жабылу салтанатында өңір әкімі жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

– Бұл спорттық шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы шеңберінде ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Осындай ауқымды іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен облыс прокуроры Тимур Қайырбекұлына алғыс білдіреміз. Жарыс барысында әділ әрі қызықты ойындар өтті. Ең бастысы, жас спортшылар тек спорттық дайындықтарын ғана емес, өзара сыйластық пен командалық бірлік көрсетті. Бұл Өскемен хоккейінің болашағы зор екенін айғақтайды, – деді өңір басшысы.

Жарыс қорытындысында бас жүлдені «Устинка» командасы иеленді. Ал бірінші орынды «Торнадо» командасы, екінші орынды «Ульбинка», үшінші орынды «КШТ» командасы алды.

Топ жарған «Устинка» командасының ойыншылары үздік нәтиже көрсету үшін үздіксіз дайындық жүргізгендерін айтты.

– Бүгін біз жеңіске жеттік, соған өте қуаныштымыз. Командамыз «Устинка» деп аталады. Жеңіске жетудің басты қағидаттары – тоқтаусыз еңбек, нақты мақсат қою және жеңіске деген сенім. Біз бұл турнирге бір рет қатыстық, бар күшімізді салдық және нәтижесінде жеңіске жеттік, – деді команда мүшесі.

Команданың бас бапкері де дайындық барысына тоқталды.

– Бүгін біз чемпион атандық. «Устинка» командасы құрамында №12 және 9 мектептердің оқушылары бар. Жарысқа барынша тыңғылықты дайындалдық. Осы кезеңде спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетуге тырыстым. Олардың бойынан жеңіске деген ұмтылыс пен намысты анық байқауға болады, – деді бас бапкер.

Айта кетейік, турнирдің өтуіне демеушілік көрсеткен ұйымдар да болды. Солардың бірі – Өскемен қаласындағы AN Group құрылыс компаниясы.

– Салауатты өмір салтын ұстануды қолдаймыз және жас спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз. Бүгінгі хоккей турниріне қатысқанымызға қуаныштымыз. Осындай спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік жасаған ШҚО әкімдігіне алғыс білдіреміз, – деді компания өкілі Әсел Исаханова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив