A+ A A-

talgatzhan 30 2-02-2026, 09:45 0

Өскеменде жоғалған жасөспірім табылды

Бүгін / Өскемен

Кеше сағат 17:00-де «102» арнасына тұрғынынан 14 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың жүрген жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды.

- Жеке құрамның үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде төрт сағаттан кейін бағдар бойынша жасөспірімді Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері —  қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Эльдар Төкеков пен ППБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Санат Әміренов тапты. Тәртіп сақшылары жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін оны заңды өкіліне тапсырды, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}