Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Каменское су қоймасынан қайтып келе жатқан төрт балықшы төтенше жағдайға тап болды. Көліктері қар құрсауында қалып, жүре алмай қалған. Оқиға орнына ШҚО ТЖД мамандары жоғары өтімді техникамен келіп, оларды жақын елді мекенге дейін эвакуациялады. Балықшылар медициналық көмекке жүгінбеді.
Пікірлер