Бұл үй ішіндегі жылыту жүйелеріндегі мәселелерге байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл бірқатар көше тұрғындары үйлерінің суып кеткенін айтқан еді. Олардың сөзінше, жылу батареялары қатты аяз болмаса да үй ішіндегі температураны сақтай алмаған. Әсіресе азаматтар -40 градус аязда үй ішіндегі қолайсыздыққа шағымданған еді.
ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары бұл мәселе бойынша пікір білдірді.
- Бізге тұрғындардан шағым келіп түсті. Өз кезегінде «Шығыс жылу» АҚ мамандары параметрлерді өлшеу үшін тұрғын үйлерге жіберілді. Нәтижесінде кіреберістегі температура жоспар бойынша сақталып тұрғаны, бірақ ғимарат ішіндегі жүйеде ақау бар екені анықталды. Бұл мәселелер жүйенің жылыту маусымына дайындығына байланысты. ПИК және МИБ өклідеріне тиісті тапсырмалар берілді, - деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек.
Айта кетейік, үй ішіндегі қалыпты температура 18-24 градус аралығында болуы керек.
Пікірлер