3 ақпан сағат 20:30 шамасында «102» арнасына Қасым Қайсенов кентінің 84 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Туыстарының айтуынша, әйел 3 ақпан сағат 14:30 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Анасының жоқтығына алаңдаған ұлы полицияға жүгінген. Кезекші инспекторлар ақпаратты дереу Ұлан аудандық полиция бөліміне жолдады.
Іздеу жұмыстарына Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, барлық кезекші қызмет пен жасаққа бағдарламалар жіберілді.
Үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде екі сағаттан соң егде жастағы әйел Өскеменнен табылды.
Қазіргі оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол туыстарына аман-есен табысталды.
Пікірлер