A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 17:25 0

Күршім ауданында Жастар орталығы жөндеуден өтті

Бүгін / Күршім

Күршім аудандық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Мердігер - «Water membrane technology» ЖШС, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жөндеу барысында ғимараттың ішкі-сыртқы келбеті жаңартылып, қосымша бөлмелер жасалды. Есіктер толық ауыстырылып, ыстық және суық су жүйелері тартылып, санитарлық торап жаңартылды. 

Сонымен қатар электр желілері, конференция залы және демалыс бөлмелері жаңарып, қажетті жиһаздармен, жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Демалыс және дене шынықтыру мақсатында веложол және жүгіру жолы тренажерлары орнатылды. Сондай-ақ сайлау комиссиясының жұмысына арналған екі кабинет жабдықталды. 

Жаңарған, жанданған Жастар ресурстық орталығы бүгінде түрлі қоғамдық және әлеуметтік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге толық дайын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив