A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 17:30 0

Өскеменде өткен жиында жастар мәселесі көтерілді

Бүгін / Өскемен

Жиын барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер, референдумның маңызы және жастардың саяси сауаттылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Қоғамдық кеңесі төрағасы Аяулым Әшімова Конституцияның адамға бағытталған негізгі құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңда ең алдымен адам құқығы қорғалады.

– Неге Конституцияны адамға бағытталған дейміз? Себебі, бірінші кезекте адам құқығы ешкімге берілмейді. Конституцияда тегін әлеуметтік көмек, медициналық көмек, тегін білім, тегін заңгерлік көмекке кепілдік берілген. Сондай-ақ отбасы туралы бапта неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені көрсетілген. Балаларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті, – деді ол.

Ал өңірлік жастар қанаты жетекшілерінің бірі Жігер Сәрсенбаев жастар үшін ақпараттық сауаттылық маңызына тоқталды.

– Осыдан үш жыл бұрын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жастарға ең қажетті нәрсе не деген сұрақ қойылған еді. Ол кез келген ақпаратты сүзгіден өткізу керектігін айтқан. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Қоғамда қажетсіз, негізсіз ойларға еріп кетпеуіміз керек. Әрқайсымыз саяси тұрғыдан сауатты болуымыз қажет, – деді спикер.

Оның айтуынша, референдум – мемлекеттегі демократияның айқын көрінісі. Халықтың дауыс беруі мен түсіндіру жұмыстары соның дәлелі.

– Конституцияға енгізілген өзгерістер мен бастамалар тарихта қалады. Таңдау жасау – әр азаматтың өз еркі. Бұл – үлкен мүмкіндік. Конституцияға енгізілген өзгерістердің бірі – мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты бастамалар, – деді Жігер Сәрсенбаев.

Диалог алаңы ашық форматта өтіп, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарға жауап алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив