Жоба қала шекараларын өзгертуді көздейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2021 жылғы 12 қарашада ҚР Үкіметінің қаулысымен Өскемен қаласының 2035 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары бекітілген болатын.
Алайда бірқатар себепке байланысты Бас жоспарға түзетулер енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда, Абай ауданының құрылуына байланысты ШҚО-ның әкімшілік шекаралары өзгерді. Сонымен қатар жекелеген жер учаскелерінің функционалдық мақсаты қайта қаралып, тұрғын үй кешендері мен қоғамдық ғимараттардың салынуына сәйкес кейбір көше параметрлері нақтыланды.
Жаңартылған Бас жоспарды «ГРАДО» ЖШС жобалау компаниясы әзірледі.
Жобалаушылар мәліметінше, қаланың жобалық шекараларын қысқарту жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер Ертіс өзенінің солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі негізгі даму бағыттарына қатысты болмақ. Атап айтқанда, қаланың солтүстік-батыс бөлігінде әуе көлігі қауіпсіздігіне қойылатын жаңа талаптар, сондай-ақ оңтүстік-батыс бөлігінде анықталған сібір жарасы көмілген аймақтар ескеріледі.
Пікірлер