A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:05 0

Өскеменде алаяқ бөтен адамның биометриясы арқылы несие рәсімдеген

Бүгін / Өскемен

Қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті жәбірленушіні алдап, банк қосымшасының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы биометриялық верификация жасаған. Осыдан кейін оның атына қымбат техникалар сатып алу үшін тауарлық несиелер рәсімдеді.

Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрады. Алынған тауарларды күдікті кейін ломбардқа өткізген. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив