Тексеріс автобус аялдамаларындағы жылы орында тұратын баспанасыз адамдарды анықтауға бағытталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде баспанасыз жүрген бір адам анықталған.
– 45-ші «Гастроном» автобус аялдамасында баспанасыз жүрген адам табылды. Әйел қажетті көмек алу үшін орталыққа жеткізілді, – деп хабарлады Өскемен әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» өкілдері.
Еске сала кетейік, бұл орталық Белоусовка кентінде орналасқан.
Пікірлер