A+ A A-

talgatzhan 36 24-02-2026, 15:10 0

Өскеменде 1000 қаңғырған ит пен мысықты аулау жоспарланып отыр

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Порталда ит-мысықты аулау үшін 7 758 620 теңге (ҚҚС қоспағанда) бөлінгені жазылған. Құжаттамаға сәйкес, осы жылдың соңына дейін аулау ұйымымен келісімшартқа қол қойылады. Жоспар бойынша 1000 қаңғыбас ит пен мысықты аулау көзделген.

– Қоғамдық орындарда иесіз, микрочипсіз, қараусыз жүрген жануарлар ауланады. Егер иелері кәсіпорындар мен мекемелерде байлаулы қалдырса, оған ешкім тиіспейді, – делінген құжаттамада.

Аңшылар жергілікті билік органдары өтініштері негізінде белгіленген кесте бойынша жұмыс істейді.

– Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша немесе ауызша өтініштері бойынша қаңғырған және қараусыз қалған жануарлар сұраныс алынғаннан кейін 24 сағат ішінде ауланады. Адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасап, өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды аулаған кезде заңмен тыйым салынбаған дәрілерді қолдануға рұқсат етіледі, – делінген техникалық сипаттамада. 

Ауланған ит-мысықтарды тасымалдауға арналған жабдықталған көлікте ұйым атауы мен телефон нөмірі болуы керек. Жануарлар уақытша ұстау орындарына жеткізіледі.

Егер ит адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмесе, ол өзінің тіршілік ету ортасына қайтарылады. Дегенмен оған зарарсыздандыру/кастрациялау жұмыстары жүргізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив