28 ақпанда Шешек тауында 10.00-ден 16.00-ге дейін отбасылық фестиваль өткізілмек. Бұл туралы Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестивальде бірнеше аймақ болады. Мәселен, балалар мен жасөспірімдерге арналған аумақтарда аниматорлар жұмыс істейді. Балалар ойын-сауық бағдарламалары мен байқауларды, әртүрлі шеберлік сабақтарын көре алады.
Ал ата-аналар дәмді кәуап пен қақталған көкөністерді дайындай алады. Қонақтар шай мен кофеден дәм татып, әңгімелеседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара табиғатпен байланыс орнатуға жаңа эмоцияларды сезінуге мүмкіндік береді.
Пікірлер