A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 21:30 0

Өскеменде өткен live-концертке Sadraddin мен Мирас Жүгінісов келді

Бүгін / Өскемен / Басты

Облыс орталығында жаңа Конституцияны қолдауға арналған кеш өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Іс-шара Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында қоғамдық-мәдени акция форматында ұйымдастырылды.

Салтанатты кеште сөз сөйлеген С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген жаңа Конституция Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асқан ауқымды саяси реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңның 3-бабының 2-тармағында адами капиталды дамыту, ғылым мен білімді қолдау, инновацияны ілгерілету мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде айқындалған.

- Жыл сайын грант саны артып келеді. Студенттердің шәкіртақысы көбейіп, жатақханалар салынуда. Мен 15 наурызда Қазақстанның болашағы үшін дауыс беремін, – деді ректор.

Сондай-ақ ШҚО мәслихаты төрағасы Денис Рыпаков өңір жастарын ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

- Жастар - біздің болашағымыз. Баршаңызды 15 наурыз күні жаңа Конституцияға дауыс беруге шақырамын, – деді ол.

Бағдарлама аясында жанды музыка орындалып, мазмұнды концерттік нөмірлер ұсынылды. Сонымен қатар конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қойылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Садраддин, Мирас Жүгінісов және тағы басқа әншілер жиналған жастарды бір серпілтті. Жалпы, 12 мыңнан астам жиналған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив