6 наурыз сағат 18:00-де қала әкімі Жібек маталар комбинаты шағынауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіре алады.
Сонымен қатар сағат 17:00-ден бастап кеңес беру тобы жұмысын істейді. Мамандар түрлі мәселелер бойынша көмек көрсетіп, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Кездесу №46 орта мектеп ғимаратында өтеді.
Мекенжайы: Көкжал Барақ көшесі, 8/2.
Пікірлер