A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

Өскемендегі әскери бөлімде ату сабағы өтті

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы 27943 әскери бөлімнің оқу-жаттығу полигонында танк батальоны штаттық снарядпен жоспарлы ату сабағы ұйымдастырылды. Жаттығуға батальон басқармасы, тұрақты жеке құрам, яғни офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоспарлы оқу-жаттығу барысында экипаждар нысаналарды әртүрлі қашықтықта жою бойынша тапсырмаларды орындады. Танкішілер қаруды дәл қолдану, атыс жүргізу шеберлігі мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ерекше назар аударды. Сонымен қатар ұрыс жағдайына барынша жақындатылған ортада шешім қабылдау және экипаж мүшелерінің үйлесімді әрекеті пысықталды. Оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, жеке құрамның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді.

Ату қорытындысы бойынша танк батальоны «жақсы» деген баға алып, жеке құрам жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

- Бүгінгі атыс сабақтары экипаждардың үйлесімді әрекетін және жеке құрамның кәсіби дайындығын айқындады. Әрбір танкиш нысананы жою кезінде жауапкершілік пен жинақылық танытты. Осындай жаттығулар жауынгерлік қабілетімізді арттырып, кез келген тапсырманы орындауға дайын екенімізді дәлелдейді, - деді 2-танк ротасының командирі лейтенант Ерболат Еңсебаев. 

Әскери қызметшілердің айтуынша, штаттық снарядпен ату – әр танкішінің кәсіби дайындығындағы маңызды кезең. Мұндай жаттығулар жауынгерлік тәжірибені арттырып, өз күшіне деген сенімділікті нығайтады.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылатын осындай жаттығулар бөлімнің жауынгерлік әзірлігін арттырып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив