A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:20 0

Өскеменде «Мемлекеттік қызметтегі әйел көшбасшылар» танымдық электрондық альбомның тұсаукесері өтті

Бүгін / Өскемен

Альбомның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп жүрген әйелдердің кәсіби жолын насихаттау, олардың ел дамуына қосқан үлесін көрсету және гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ШҚО бойынша филиалының директоры Жанар Қалиқанқызының айтуынша, электрондық альбом – өңірдегі мемлекеттік қызмет саласында елеулі жетістіктерге жеткен, басқарушылық тәжірибесі мен қоғамдық жұмысы арқылы ел дамуына үлес қосқан әйелдердің еңбек жолын таныстыратын ақпараттық-талдамалы ресурс.
- Альбомның тұсаукесері Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің дамуына әйелдердің қосқан үлесін кеңінен насихаттауға бағытталған. Бұл жинақта өңірдегі мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет етіп жүрген әйел көшбасшылардың кәсіби тәжірибесі мен жетістіктері қамтылған, - деді Жанар Қалиқанқызы. 
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Эльмира Оразалиевның сөзінше, іс- шараның 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтуінің мәні ерекше.
- Бұл альбом – іскер әйелдердің еңбегі мен рухани жетістігінің белгісі. Мемлекеттік қызметтегі әйел көшбасшылардың негізгі миссиясы – қоғамдағы құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа үлгі болу. Мұхтар Әуезовтің «Ұл тәрбиелей отырып – халықты, қыз тәрбиелей отырып – ұлтты тәрбиелейміз» деген сөзі бар. Сондықтан әйелдердің қоғамдағы, әсіресе ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі ерекше, - деді ол. 
Ал ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Сейілхан альбомның мазмұны мен құрылымын түсіндіре кетті. Оның айтуынша, жинаққа мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан әйелдердің өмірбаяны мен кәсіби жетістіктері енгізілген.
- Альбомды дайындаудағы мақсат – түрлі кезеңдерде жауапты қызмет атқарып, ел дамуына үлес қосқан әйелдердің еңбек жолын көрсету. Олардың өмірлік тәжірибесі мен қызмет жолы – бүгінгі жас буынға үлгі. Альбом бес тараудан тұрады: «Мемлекеттік қызметтегі ардагер ханымдар», «Көшбасшы ханымдар», «Мәслихаттағы іскер ханымдар», «Көпбалалы мемлекеттік қызметкер аналар» және «Мемлекеттік қызметтегі арулар мен аналар», — деді Айгүл Сейілхан.
Айта кетейік, танымдық электрондық альбом мемлекеттік қызметтегі әйелдердің еңбегін дәріптеп, олардың кәсіби жетістіктерін кеңінен таныстыруға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив