A+ A A-

talgatzhan 9 Бүгін, 09:45 0

Өскеменде Ертіс көпіріндегі шұңқырлар жөнделді

Бүгін / Өскемен

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыстар бүгін түнде атқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде көпірдегі барлық терең шұңқыр толықтай жөнделіп, жол жабындысы қалпына келтірілді. Сондай-ақ көпірдің екі жағында да шағын жөндеу жұмыстары аяқталған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл мамыр айында аталған нысанда толық жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Ал осы уақытқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын  шұңқырларды жедел түрде жөндеу тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив