«Қазгидромет» филиалының мәліметі бойынша, 6 наурызда облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтілуде. Ал Өскеменде көктайғақ болуы ықтимал. ШҚО ТЖД ауа райы қолайсыз болған жағдайда тұрғындардан алыс жолға шықпауды сұрайды. Жүргізушілер жылдамдықты қатаң сақтап, басқа көліктерге ілесе жүруі керек. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Пікірлер