Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әскерилер шаһар тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
5518 әскери бөлімінің әскери оркестрінің музыканттары тұрғындар үшін қоғамдық көлікте өнер көрсетті.
- Күтпеген музыкалық қойылым жолаушылар үшін тосынсый болды. Әскери музыканттар танымал және мерекелік әндерді орындап, автобус ішінде жылы және қуанышты атмосфера жасады. Жолаушылар әскери киім киген өнерпаздарды күлімсіреп қарсы алды, қойылымды телефондарына түсіріп, музыканттарға қол шапалақтап, алғыс білдірді, - деп хабарлады ҚР Шығыс аудандық мемлекеттік әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Алдағы Халықаралық әйелдер күніне орай әскерилер нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Пікірлер