8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Дәл осы ерекше күнге байланысты Өскемен жастары ең ерекше акцияны бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Гүл толы автокөлік кортежі қала көшелерін аралап, 10-нан астам мекенжайда нәзік жандыларға 1000-нан астам қызғалдақ таратып жатыр.
– Сондай-ақ аурухана мен сауда үйлеріндегі, мектептегі арулар да тыс қалмады. Бұл акция – әйелдерге деген құрмет пен алғыс білдірудің жарқын көрінісі, – делінген қала әкімдігі ұсынған ақпаратта.
Пікірлер