Қала кіреберісіндегі Шешек тауында жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Отбасы Fest» атты отбасылық фестиваль өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараға табиғат аясында отбасымен бірге уақыт өткізуге келген көптеген қала тұрғыны жиналды.
Фестиваль барлық жастағы жұрт үшін демалуға, араласуға және белсенді уақыт өткізуге арналған ерекше алаңға айналды. Ұйымдастырушылар әртүрлі бағдарлама дайындады. Атап айтсақ, бірнеше спорттық шара, балаларға арналған ойын аймақтары, ойын-сауық алаңдары және отбасылық демалыс орындары келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
- «Отбасы Fest» отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға және белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Балалар күні бойы ойындар мен байқауларға қатысса, ересектер демалып, табиғат әсемдігін тамашалап, жақындарымен бірге уақыт өткізді, - деді қала әкімдігі өкілдері.
Мерекенің жарқын сәттерінің бірі — Жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдау мақсатында әуе шарының ұшырылуы. Бұл символикалық сәт іс-шараға қатысушылардың бірлігі мен азаматтық ұстанымының белгісіне айналды.
«Отбасы Fest» фестивалі бірлескен отбасылық іс-шаралардың қоғамдағы құндылықтарды нығайтып, қала тұрғындары арасында бірлік пен өзара қолдау атмосферасын қалыптастыратынын көрсетті.
Пікірлер