A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 19:00 0

Өскеменде жаңа спектакльдің премьерасы өтті

Бүгін / Руханият / Өскемен

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры сахнасында татар драматургі Туфан Миннуллиннің «Диләфруздың төрт күйеуі» атты романтикалық комедиясының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көктем қарсаңында өткен премьера көрерменге ерекше әсер сыйлады. Спектакль махаббаттың табиғатын тереңнен толғай отырып, көрерменді бір мезетте күлдіріп, бір мезетте ойландырды. Қойылымда «Махаббат деген не? Сезім бе, таңдау ма, әлде тағдыр ма?» деген сұрақтарға басты кейіпкер Диләфруздың өмір жолы арқылы жауап беріледі.

Шығарма желісі бойынша басты кейіпкердің төрт күйеуі төрт түрлі мінез, төрт түрлі тағдыр мен көзқарастың көрінісін көрсетеді. Әрқайсысы махаббаттың бір қырын ашады. Алайда жүрек бір адамды ғана таңдайды.

-Бүгінгі премьера қатты ұнады. Нағыз керек дүние. Бір жағынан күлдіртіп, бір жағынан ойландырды. Диләфруз өте ашық қыз болғандықтан төрт жігітті де таңдай алмай басы қатты деп ойлаймын. Әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын, - деді тетар көрермені Нұршат Каримовна.

Айта кету керек, бұл – режиссер Жантай Тұрысбектің дебюті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив