Облыс орталығында Сәтпаев пен Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышов Сәтпаев пен Есенберлин даңғылдарының және Жібек жолы мен Базовая көшелерінің қиылысындағы айналма жол құрылысының барысын тексеріп, мердігерлермен кездесті. Қазір айналма жолдың ішкі және сыртқы бөліктеріндегі құрылыс жұмыстары бір уақытта жүргізіліп, тіректері орнатылуда. Жобаны қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Пікірлер