Бұл туралы шаһар басшысы Алмат Ақышов тұрғындармен өткен есептік кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, спорт нысаны Шығыс кентінің қарама-қарсы беткейінде, яғни қала шетіндегі жерде орналасады. Жаңа ипподром ат спортын дамытудың заманауи орнына айналмақ. Бұрынғы ипподром 22 шағын ауданда орналасқан, бірақ қазір жабық. Жаңа нысан осы инфрақұрылымды толықтыруға және жарыстар өткізуге жағдай жасауға арналған.
- Бізде бұрын ипподром болған, бірақ кейін жабылып қалды. Енді бізде халықаралық спорттық іс-шараларды өткізетін аренасы бар жаңа спорт нысаны пайда болады. Жұмыстар басталды, құрылысты биыл аяқтау жоспарланған, - деді Алмат Ақышов.
Пікірлер