«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Өскемендегі №27 мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында ұстаздарға Жаңа Ата заңның маңыздылығы мен ондағы негізгі өзгерістер туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Коалиция мүшелері Жаңа Конституцияның қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ олар мектеп ұжымын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға шақырды.
Кездесу барысында сөз алған өңірлік коалиция мүшесі Анжела Горностаева Жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
- Жаңа Ата заң – мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін беретін маңызды құжат. Әрбір азамат қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруі тиіс. Сондықтан баршаңызды алдағы республикалық референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын, – деді Анжела Горностаева.
Пікірлер