10–13 наурыз аралығында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы күндері полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшіріледі. Бұл патрульдік жасақтардың санын едәуір арттырып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана тыныштық пен қауіпсіздік атмосферасын қалыптастырып, түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады.
Тұрғындардан полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарап, жүргізілетін тексеру шараларына дұрыс көзқараспен қарау сұралады. Бұл шаралар ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Пікірлер