Қазақстан Американдық еркін университетінің ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалиция мүшелері кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының маңыздылығы мен онда көзделген негізгі өзгерістер туралы кеңінен түсіндірілді.
Коалиция мүшелері жаңа құжаттың елдің демократиялық дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституцияда қоғамның түрлі салаларын қамтитын маңызды жаңашылдықтар қарастырылғаны айтылды.
Кездесу барысында коалиция мүшесі Савелий Мужчиль Жаңа Конституцияның ел болашағы үшін маңызды құжат екенін атап өтті.
- Жаңа Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Әр азамат өз елінің болашағына бейжай қарамай, алдағы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін, – деді ол.
Іс-шара соңында университет ұжымын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға шақырды.
Пікірлер