A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:45 0

Өскемен әкімі Жыланды көпірінің жағдайымен танысты

Бүгін / Өскемен

Тұрғындардың айтуынша, көпір апатты күйге түсіп, қазір қозғалысқа жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Соның салдарынан елді мекен мен саяжай аумағындағы ондаған үйдің тұрғындары үшін қатынас қиындаған. Сонымен қатар аталған өткел арқылы жедел қызмет көліктері, оның ішінде жедел жәрдем де өте алмай отыр.
Келесі күні қала әкімі қала маңындағы елді мекенге барып, көпірдің қазіргі жағдайымен танысты. Тұрғындар көтерген мәселе бақылауға алынып, жауапты мамандарға оны шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл жазда тұрғындарға қауіпсіз әрі үздіксіз қатынасты қамтамасыз ететін жаңа көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив